Басқару

ҚР-да табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саны 13,1 %-ға төмендеді

Жалпы есептік кезеңде республика бойынша табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саны 13,1 %, ал зардап шеккендердің саны 5,6% төмендегені байқалады, деп хабарлады ҚР ТЖК.
Казахстан29 Шілде , 17:26

«Бірінші жартыжылдықта Комитеттің күштерімен 2 608 адам құтқарылып, 3973 адам ТЖ аймағынан эвакуацияланған, 3750 адамға алғашқы медициналық, зардап шеккен 466 адамға психологиялық көмек көрсетілген. Авриялық-құтқару жұмыстарына 25 500 шығу болып, нәтижесінде 6 136 өрт сөндірілген, 24,1 млрд. теңгенің материалдық құндылықтары аман алып қалынған», - деп атап өтті  С.Ғ.Әубәкіров  өз сөзінде.

Құтқару авиациясымен 400 ұшу жүзеге асырылып, 2165 науқас тасымалданған, 39 кеңес жүргізіліп, 8 жедел операция жасалды.

Жалпы есептік кезеңде республика бойынша табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саны 13,1 %, ал зардап шеккендердің саны 5,6% төмендегені байқалады.

Жедел қызметтік әрекеттің нәтижелері бойынша Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің бастықтары тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша төтенше жағдайларды барынша және оларда адамдардың қайтыс болуын азайту, жедел қызметтік әрекетті жетілдіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.

 

 




Яндекс.Метрика