Өңірлер

ШҚО-да туризмді дамыту мақсатында инновациялық шаралар өткізілді

ШҚО-да «Алтай – өңірді дамыту байлығы» жобасы аясында 2014-2016 жылдарға арналған Еуроодақ қолдауымен инновациялық шаралар өткізілді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Шілде , 11:09

Оның ішінде Катон-Қарағай ауданында «Джайляу-тур», «Берел» қорық-музейінде «Көшпенді» симпозиумы, ШҚО турситік бағыттары Италияда жарнама туралы келісімге отырды.

«Шығыс Қазақстан ел өңірлерінің ең көркемі болып есептеледі. Біздің жұмысымыз  ауыл туризмін дамытуға, туристік инфрақұрылым мен өңірді насихаттауға бағытталған. Туристік әлеуеттің деңгейін көтеру үшін оның ішінде ауыл шаруашылығы туризмін дамыту бойынша бізге келетін  адамдардың ұсынысын қолдаймыз», - деді жобаның үйлестірушісі Светлана Белова.

Сәтті жүзеге асқан жобалардың біріне жататыны  Катон-Қарағай аймағындағы екі туристік бағыт, олар «Радостный» және «Арасан су бұрқағы»  сондай-ақ, «Джайляу-тур» жобасы да әзірленді.

Оны тамашалау барысында турситер дәстүрлі мал шаруашлығымен танысып, ұлттық тағамнан дәм татып тау шатқалдарымен серуендей алады.




Яндекс.Метрика