Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті

Алматы облысы Талғар қаласына жақын маңда, Іле Алатауы ұлттық паркінің етегінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы29 Шілде , 10:21

Мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде ұйымдастырылған шара біртекті мәдени кеңістікті ұлғайту мен нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар ұлттық ат спорты ойындарын дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фестиваль бағдарламасында қолөнер бұйымдарының көрмесі, халық музыкасынан концерт, сонымен қатар тілек білдіргендер терімен, былғарымен, күміспен, топырақпен, әркім қалаған материалымен жұмыс істеп көруге мүмкіндік алған түрлі шеберлік сағаттары өткізілді.

Сондай-ақ шара шеңберінде Қазақстан, Қырғыз, Түркия, Монғолия, Корея, Түркіменстан, Болгария және Венгрия елдері өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі  садақ атудан II Халықаралық фестиваль, «Турул» аңшылық құстары фестивалі және ат спорты ойындары  өтті.       

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында жасалған этноауыл түрлі шаралардың басын біріктіріп, қазақ халқының түрлі тұрмыстық және мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.

 




Яндекс.Метрика