Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленуде

Облыс әкімі Даниал Ахметов балық шаруашылығын дамытудың жоспарын әзірлеу бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан29 Шілде , 09:46

Шығыс Қазақстандағы Ертіс бассейні балық аулаудан 21%-ды құрайды.Арнайы құрылған жұмыс тобы аймақтағы балық шаруашылығына сараптама жасады.

Ертіс бассейні балық шаруашылығының көлемі бойынша Қазақстанда үшінші орынға ие.

Аймақ басшысы жұмыс тобының есебін тыңдап, жауапты басқармаларға халықаралық компанияларды тарта отырып, Шығыс Қазақстанда балық өндірісін дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Арнайы компания балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттарын көрсету қажет. Облыстың өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тауар өндірісін зерттей отырып, арнайы ұсыныстар алуымыз шарт», – деді Даниал Ахметов. 

 




Яндекс.Метрика