Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Павлодар облысында «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,4 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,4 млрд теңге бөлінді, деді облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхат Баймұқанұлы Жармағамбетов облыстық кеңес барысында.
Павлодар29 Шілде , 09:13

Павлодар облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны 9,7 %-ға өсіп, а.ж. 1 маусымы жағдайы бойынша 45 522 бірлікті құрап отыр. ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар 112 188 адамды немесе 100,3 %-ды құрайды.

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 92 695 млн. теңгенің өнімін шығарған.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша облыстың ЖӨӨ-де ШОБ үлесі 17,1 %-ға артқан, ал бұл көрсеткіш 2013 жылы 12,1 % болатын.

Бизнестің жол картасы бағдарламасы іске асырыла бастаған кезеңнен бастап Павлодар өңіріне 15,3 млрд. теңге бөлінген. Өңірлік үйлестіру кеңесімен инвестициялық жалпы сомасы 93,9 млрд. теңге болатын 714 жоба мақұлданған. 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны сақталған.

Биыл аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 3,4 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде 2,1 миллиард теңге – несие мөлшерлемесі пайызын субсидиялауға, 74 млн. теңге – несиелер бойынша банктерге кепілдемелер беру үшін, 14 млн. теңге – кәсіпкерлерге берілетін гранттар үшін және 1,18 миллиард теңге – өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін.

Сонымен қатар, А.Жармағамбетовтың айтуынша, БЖК-2020 жобаларының 59 % Павлодар қаласында, 41 % моноқалаларда және небары 7 % ғана ауылдық елді мекендерге екен.

 




Яндекс.Метрика