Өңірлер

Ақмола облысында «Әрбір үйге қауіпсіз тағам» атты акция өтті

Ақмола облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен Санитарлық-эпидимиологиялық сараптама орталығы бірлесіп «Қауіпсіз бақша дақылдары» және «Тұтынушылар құқығын қорғау» акцияларын өткізді, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола29 Шілде , 08:54

Акциялар облыстың 11 азық-түлік базары мен 10 сауда үйінде, 6 дүкен мен 13 сауда алаңдарында өткізілді.

«Акцияны өткізу барысында азық түлік өнімдерінің 4440 сынамасы алынып, зерттелді. Оның ішінде 166 сынама немесе 3,7% талапқа сай келмеді. Сонымен қатар 1307 сынама көкеніс өнімі құрамындағы нитраттардың болуына зерттелді,  оның ішінде 102 немес 7,8% талапқа сай келмеді. Бактериологиялық зерттеу үшін өнімдерден 1312 сынама алынды, оның ішінде 788-ы көкеніс өнімдерінің сынамасы. Ал, паразиттік зерттеуге 1246 сынама келіп түсті, оның ішінде 1109-ы көкеніс өнімдерінің сынамасы. Жалпы, 6 сынама немесе 0,5% расталды», - делінген хабарламада.          

Аталып өткендей, нитраттардың құрамында көптеп болуы анықталған жағдайда Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімдіктер мен, ІІБ мен сауда нүктелерінің басшыларына хат жазылды.

Сонымен қатар, акция өткізілген жерлерде 8 ақпараттық стенд орнатылды, 1990 буклеттер мен брашуралар таратылып, 1239 кездесу өткізілді. 




Яндекс.Метрика