Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР жұмыспен қамту мақсатында зейнетке шыққалы отырған азаматтар үшін оқыту курстарын енгізу ұсынылды

Астанада «50-ден кейінгі өмір: зейнет жасына келгелі отырған азаматтарды жұмыспен қамтудағы қиындықтар» атты дөңгелек үстел отырыс өтті. Сарапшылық кездесуді Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымы ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 17:42

Кездесудің мақсаты: қазақстандықтардың назарын азаматтарды жұмысқа алу кезінде жас ерекшелігіне қарай алалу мәселесіне назар аудару, оны шешу жолдарын талқылау.

«Біздің бағалауларымыз бойынша, Қазақстанда 45-59 жас аралығындағы 2 миллионнан астам азамат бар. Бұл азаматтар бүгінгі таңда біздің білуімізше үлкен қиындықтарды бастан өткеруде және олар жұмыспен қамту мәселесінде «тәуекелдер тобында» тұр. Бұл жастағы азаматтар үшін қазір жұмыс табу өте қиын. Жұмысқа қабылдау кезінде олардың тым жастарының тым үлкен екендігін алға тартады. Хабарландырулардың барлығы жастарды іздеп жатады, ал 45 жастағы азаматты ешкім іздемейді. Тіпті егде тартқан қызметкерді жас маманға алмастыру жағдайлары да жиі ұшырасып жатады. Бұл мәселеге қазір өте аз көңіл бөлінуде. Біз жастар жұмыссыз деп жатамыз,керісінше олар өте жақсы ыңғайланған. Осы мәселені көтеріп, оны қалай шешу қажеттігін ойластырған жөн»,-деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жумин.    

ҚР Конституциясының 24-ші бабының 2-бөлімінде еңбегі үшін берілетін ақыны төлеуде алалауға жол берілмеуі керек. Осыған қарамастан, оның сөзінше, қоғамда жұмыспен қамтуда айтарлықтай шектеулер бар. Қоғамдық ұйым өкілі жұмыс берушілерді осындай әрекеттері үшін жазалауды қатайту арқылы заң негізінде шешу қажет.  

«Бәлкім, заңнамаға қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болатын шығар. Мысалы, хабарландыру бергенде біз тек жастарды ғана жұмысқа қабылдаймыз деген талап қою қаншалықты орынды. Бұл алалау болуы мүмкін. Алайда, бұл елде алалау болып табылады ма ?»,-деген сауал қояды ол.   

Бұл ретте жалпыұлттық қозғалыс төрағасы зейнеттік жатың алдында тұрған азаматтар үшін Қазақстанда оқыту курстарын енгізуді ұсынды.

«Біз университеттер туралы айтқанда тек, жастарды ғана елестетеміз, біз үшін жоғары оқу орындары тек жастарға арналған сияқты. Мен зейнет жасының алдында тұрған азаматтар үшін оқу орындарынан арнайы оқыту курстары ашылса деген ойдамын. Бұл 40-тан жоғар жастағы азаматтар үшін біліктілігін жоғарылатып, нарыққа жаңа мамандықпен шығуға, жаңа жұмыс орнын табуға мүмкіндік жасалар еді. HR тәжірибелер біздің отандық компанияларда 21 емес, 20 ғасырдағы деңгейде. Бізге осы деңгейді біршама көтеру қажет. Кадр және адам ресурстарымен жұмыс істейтін мамандардың да біліктіліктерін арттыру қажет»,-деп қорытты Д.Жумин.    

Дөңгелек үстел отырысына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Астана әкімдігінің өкілдері мен ҮЕҰ, HR саласындағы мамандар, сонымен қатар кадрлық агентттіктердің жетекшілері  қатысты.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика