Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтауда 2015 жылы 7,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған (Фото)

Ақтауда 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 60,9 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Ақтау қалалық мәслихатының бесініші шақырлымының 32-ші кезекті сессиясында мәлім болды.
Маңғыстау 28 Шілде, 19:51

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша инвеститцияларды тарту, құрылыста, сауда мен байланыс саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 92% құрады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 43% алып отыр және 26,2 млрд. теңгені құрайды. 2015 жылдың алғашқы алты айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 93,2 млн.теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті деңгейінен жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,9 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері қалада 141 жаңа ғимарат іске қосылды, оның ішінде 135 тұрғын үй бағытында. 62,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2014 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестиция 2 есеге артты және 14,2 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылдың аяғына дейін барлығы 32,2 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, оған 600 отбасы қоныстанатын болады. Көлік инфрақұрылымының одан әрі дамытуға биыл жалпы ұзындығы 50 километр 10 автожолдың ЖСҚ-сын жасақтауға 120,3 млн. теңге қаражат бөлінді. 2015 жылы жұмыспен қамту мақсатында 7500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, соның ішінде 734 жұмыс орнын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ашу жоспарлануда. 





Яндекс.Метрика