EXPO-2017

«ЭКСПО- 2017» үздік эскиз-идеясының жеңімпазы анықталды

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің үздік эскиз идеясына жарияланған Халықаралық сәулет байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды «ВNews.kz» ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы22 Қазан , 18:50

«Бүгін біз «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің үздік эскиз идеясына жарияланған Халықаралық сәулет байқауын қорытындылап, ресми жеңімпазды жарияламақпыз. Оны бай тәжірибесі бар америкалық Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясы жеңіп алды», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев. 

Бұдан бұрын хабарлағандай, 16 қазанда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу мәселелері жөніндегі кеңесте «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің архитектуралық жобасы мақұлданды.

«Кешен аумағы 173,4 гектарды құрайды, 25 гектарда көрме кешенінің өзі орналасады, ал қалған бөлігін инфрақұрылым алады. Кешен құрылысы 2014 жылдың наурыз-сәуір айларында басталады. Ал 2016 жылдың желтоқсан айында құрылысты аяқтау жоспарлануда. Қалған 6 ай дайындық, тазалау мен кешенді сынақтан өткізу жұмыстарына кетеді.  

Сонымен қатар тұрғын-жай аумағы 586 мың гектардан асады деп жоспарлануда. ЭКСПО-қалашығының құрылысы Есіл ауданында салынбақ. Нақтырақ айтсақ, Қабанбай батыр, Хусеин бин Талап, Орынбор мен Рысқұлов көшелері арасындағы шаршы жерде салынбақ.  

2013 жылы жобаларды және жобалау құжаттары бойынша жұмыстар басталады. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың екінші маусымына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Құрылысты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қолға алмақ.

Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрме кешені 100% өзін өзі қамтамасыз етіп, артық қалған электрэнергиясын қалаға сататын болады.

«Жобаның артықшылығы сонда, көрме өткізілгеннен кейін барлық нысандарды өзгертуге, қайта мамандандыруға және жинап тастауға болады. Демек,  құрылысты сыруға мәжбүрлік жоқ. Ең бастысы, жоба біздің елге мұра қалдырғанындай барша әлемге мұға қалдырады», - делінген хабарламада. 

 




Яндекс.Метрика