Басқару

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылған

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының жаңа редакциясында байқаулар мен аукциондарды өткізу бойынша процедураларды жеңілдетуді ұсынылып отыр, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан28 Шілде , 16:54

 «Біз кәсіпорындардың байқаудан байқауға бір құжаттарды ұсынып отырғанын байқаймыз. Оның үстіне бізде мемлекеттікң жауапты және беделді серіктесі ретінде өздерін дәлелдеп қойған кәсіпорындардың тізімі бар. Бірінші кезекте білікті жеткізушілердің тізімі жасақталады, олар тұрақты тұрде құжат тапсыруға міндетті болмацды. Екінші кезеңде реестрге енгізілген әлеуетті жеткізушілер арасында байқау өткізіледі»,  деді Р. Бекетаев.

Бұдан басқа, оның айтуынша байқау мен аукцион өткізу процедурасын жеңілдету ұсынылып отыр.

«Мысалы, байқауға өтініш пен баға бойынша ұсыным бірге беріледі. Бұл байқау өткізу кезеңдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Байқау өткізу кезең 3 кезеңнен екі кезеңге дейін қысқарады. Біріншісі аукционға жолдама, екіншісі аукционның өзі. Бұдан басқа мемлекеттік сатып алуды өткізу ұзақтығын ескере отырып біз бір жылдың мемлекеттік сатып алу жоспарын түзу механизмін қарастырып жатырмыз»,   деп толықтырды  Р. Бекетаев.

Сонымен қатар, инвестиция мен жоғары технологиялы өндіріске қолдау көрсету мақсатында ұзақ мерзімді  3 жылдан астам уақытқа келісімшартқа отыру қарастырылуда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика