Инновациялар

Қазақстандықтар Technation жедел даму бағдарламасының жеңімпазы атанды

Алматы қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен Happy Farm бизнес-акселераторының қатысуымен ұйымдастырылған ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стартап топтары үшін Technation жедел дамыту бағдарламасының іріктеу кезеңінің қорытындылары шығарылды, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Казахстан28 Шілде , 19:17

Бағдарламаның халықаралық сараптау комитеті 2015 жылғы қазан айында АҚШ кремний алқабына жедел даму бағдарламасына баратын үздік 7 қазақстандық және 2 шетелдік стартап топтарды анықтады. Бұл bizmo, indybo, мангуст, almacloud, CRM, almasales, fascallmanager, picvpic, crystal жобалары бар топтары.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов: «Жақсы жобалар көп болды, халықаралық сараптау комиссиясына 40 мықты топтың ішінен 7-ін таңдау оңайға соққан жоқ. Әрине, халықаралық комиссия ең алдымен әр жобаның әлеуетін әлемдік масштабтың аясында қарастырды. Жеңімпаз топтар Technation бағдарламасының арқасында бүкіл әлемге өздерін танытуға орасан зор мүмкіндікке ие болып отыр. Қырғызстан мен Украинадан қосымша екі топ жеке инвесторлар тарапынан іріктеліп, жеңімпаздар қатарына қосылды, бұл екі топ та жедел даму бағдарламасына қатысатын болады».

 




Яндекс.Метрика