Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

100 қадам: БҚО-да болашақ судьялыққа үміткерлерге және қазіргі судьяларға қойылып отырған жоғарғы талаптар талқыланды

Батыс Қазақстан облыстық сотының медиа жоспарына сәйкес, «5 Институционалдық реформаны жүзеге асырудағы халық жоспарының 100 қадамы, Заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында азаматтық істерді қарайтын судьялардың және тағайындалғандарына 3 жыл толмаған жас судьялардың қатынасуларымен жиын өтті, деп хабарлады ҚР Жоғарғы соты.
Батыс Қазақстан28 Шілде , 19:03

Шара барысында  сот жүйесінің алдына қойылып отырған жаңа талаптар,  болашақ судьялыққа үміткерлерге және қазіргі судьяларға қойылып отырған жоғарғы талаптар, сот жүйесі құрылымы мен сот өндірісінде орын алғалы отырған өзгерістер, азаматтық істерді қараудағы жаңа технологияны қолдану, сот процесстерінің ашықтығы мен жариялылығын, оның қарапайым халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері,  Судьялар әдебі Кодексінің нормаларын қатаң сақтау, Сот Жюриінің құрылымы, судьялардың кезеңмен  5, 10 жылда жаңа лауазымға ұсынылғанда кәсіптік біліктілігін тексеру енгізіліп отырғандығы кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ, облыстық соттың судьялары ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.А.Мәмидің 1 шілдеде  «Казахстанская правда» газетінде жарияланған  «Реформы во благо страны и народа» мақаласын судьялармен кеңінен талқылап, Ұлттық комиссияның қолдауын тауып, сот жүйесіне жақын арада енгізілгелі отырған  жаңалықтармен таныстырды.

Шараға қатынасушылар  Облыстық соттың судьялары Е.Н.Боранбаев пен Ғ.М.Даулетқалиеваға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға  тұщымды жауаптар алып, Жас судьялар кеңесін құру мәселесі көтерілді, кездесуге қатысқан судьялар осындай кездесулердің тиімділігін, көтерілген тақырып бойынша және басқа заң нормаларын қолдану бағытындағы сұрақтарына жауап алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. 

 




Яндекс.Метрика