Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Р.Бекетаев: Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы сатып алу үдерісін толықтай автоматты етеді

Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы сатып алулар үдерісін толықтай автоматтандыруға бағытталған, деді Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 16:23

«Сонымен қатар, электронды есеп-фактураларды, тауарға берілетін электронды растау қағаздарын беру, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің атқарылғаны туралы электронды актілерді міндетті енгізу шарасы қарастырылған. Аталған шаралар келісімде көрсетілген талаптарды онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, жоспарлау мен аяқтауға дейінгі үдерістер толықтай электронды түрде атқарылатын болады»,-деді вице-министр.  

Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алулармен байланысты үдерістерді автоматтандыру бізге камералды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Камералды бақылау деген тиісті нысанмен, мысалы мемлекеттік мекемеге қатынаспастан бақылау жүргізу дегенді білдіреді. Бұл бақылау түрі қашықтықтан жүргізіледі, онда мемлекетте бар ақпараттық мәліметтер базасы талданып, олар өзге мәліметтермен салыстырылап, тиісті байлам жасалып, ол бойынша тиісті шара да қолданылады. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені қаржылық бақылау органдары әдетте, заң бұзу әрекеттерін  сатып алу жұмыстары өткізіліп кеткеннен кейін анықтап жатады, ол кезде бәрі кеш болады»,-деді министрдің орынбасары.

Оның сөзінше, күнделікті жүзеге асырылып отыратын камералды бақылаудың аталған тетігі  сатып алулар кезінде орын алуы ықтимал заң бұзу әрекеттеріне уақытында назар аударуға мүмкіндік береді.       

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 

 

   




Яндекс.Метрика