Білім беру

Жаңа оқу маусымына орай ШҚО мектептерінде оқулықтар тапшылығы шешіледі

10 тамызға дейін өңірдің әрбір мектебі 2015-2016 жылдарға арналған оқу материалдарымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Шілде , 18:46

Оқулықтармен қамту, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуді қаржыландыру облыс бойынша 602 млн 283 мың теңгені құрады. Әрбір мектеп оқу материалдарымен 100 пайыз қамтылды.

«Мектептерді оқулықтармен қамту – маңызды сұрақ, мемлекет басшылығының бақылуында үнемі тұрады.  Министрлік нормативтік базаны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Алдын ала дайындау, сараптама, оқулықтарды шығару тәртіптерін қарады», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметов.

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар осы жылы оқулықтармен қамту бойынша мәселе туындамайтынын айтты.




Яндекс.Метрика