Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Байқаудан тыс мемлекеттік сатып алудың процедураларына талап күшейтіледі - ҚР Қаржы министрлгі

«Көлеңкелі» экономикаға қарсы әрекет ету аясында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңжобасында байқаудан тыс мемлекеттік сатып алудың процедураларына талапты күшейту ұсынылып отыр, атап айтар болсақ тапсырыс беруші электронды порталға бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша есепті жариялайтын болады, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 16:08

«Мемлекеттік сатып алу барысында бәсекелестіктің төмендеуінің тағы бір себебі бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізу болып табылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының жаңа редакциясында біз тапсырыс берушінің бір көзден тауарды сатып алу жағдайын шамамен 11 есе қысқарттық. Бұдан басқа, мұндай сатып алуларға талапты күшейттік.  Тапсырыс беруші электронды порталға бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша есепті жариялайтын болады, онда ол келісім бойынша көрсетілген бағаға негіздеме береді»,  -  деді Р.Бекетаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Вице-министр атап өткендей, қорытынды жасау және келісімге отыру кезеңдерінде мемлекеттік сатып алудың нәтижесін даулауға қажетті тиімді механизмдер жоқтың қасы.

«Тапсырыс берушілермен уақытылы келісімге отырмау, жеткізушілердің келісімге отырудан қашуы. Осы ретте заң жобасында бірінші кезекте сатып алу қорытындысын даулау бойынша нақты мерзім қою, екіншіден келісімге отыру уақытын нақты анықтауға мүмкіндік беру жолында электронды форматта келісімге отыру, үшіншіден жауапсыз жеткізушілерді реестрге бірден енгізу қарастырылған»,  -  деп баса айтты Р.Бекетаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика