Өңірлер

Алматы аудандарының зардап шеккен аудандарынан 36 мың текше метр лай шығарылды

Зардап шеккен Алматы қаласының аудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Селдің салдарын жою жұмыстарына 1842 адам мен 331 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР ТЖК.
Алматы қаласы29 Шілде , 08:37

«Наурызбай ауданындағы тазаланған аумақтан 21000-ден астам текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылып, Қарғалы өзенінің 1,6 шақырым арнасы тазартылды», - делінген хабарламада.

Алатау ауданының Алғабас елді мекенінде орталық Ақсай көшесі тазаланып, 14110 текше метр келетін қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды. Әуезов ауданынан 1500 текше метр келетін қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды.

Жалпы зардап шеккен аудандардан 36610 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды.

ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласының құтқару қызметі құлаған талдардан болатын қауіпті жою жұмыстарын жүргізуде.

«Қазселденқорғау» ММ Қарғалы селден қорғау бөгетінің аумағын тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Қарғалы бөгетінің жоғарғы жағында орналасқан көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамту қызметінің 15 бірлік техникасы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде.Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті 223 жеке тұрғын үйде зарасыздандыру жұмыстарын жүргізді.Электртарату желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

«Қазавиақұтқару» АҚ мен Аламаты қаласының құтқару қызметінің тікұшақтарымен әуеден кезекшілік жүргізу жалғасуда.

Қарғалы өзенінің арнасындағы су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіп отырған «Қазселденқорғау» ММ-нің мәліметіне сәйкес, су шығыны секундына 2,8 текше метрді құрап отыр. Судың көтерілу қауіпі жоқ. 




Яндекс.Метрика