Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Р.Бекетаев: Мемлекеттік сатып алу ортасын шектеу үшін байқау құжаттарының техникалық ерекшелігі институты енгізіледі

Мемлекеттік сатып алулар туралы әзірленіп жатқан жаңа заң аясында мемлекеттік сатып алу ортасын шектеу үшін байқау құжаттарының техникалық ерекшелігі институты енгізіледі, деді ОКҚ брифингінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 15:47

«Бүгінгі таңда тапсырушы арнайы жеткізушіге әзірлеп техникалық ерекшелігін дайындайтын кезеңдер болады. Бұл мәселені шешу үшін  заң жобасы техникалық ерекшелікті алдын ала талқылайтын және байқауға қажетті құжаттарды стандарттау мәселесін қарастырады. Бұл бизнеске алдын ала техникалық ерекшеліктермен танысуға мүмкіндік береді», - деді Р.Бекетаев.

Вице-министр атап өткендей, мемлекеттік сатып алу саласында өте өзекті болып байқаулық өтініштерді формалық себептерге байланысты қабылдамау болып саналады.

«2014 жылдың 14 қаңтарындағы заң бойынша өтініштерді алдын ала  қарау мүмкіндігі беріледі, ол жеткізушілерге құжатпен танысып үш күн ішінде қажетті түзетілімдерді айтып, техникалық ерекшелікке сәйкес байқаулық құжатты дайындауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш салада тәртіп бұзушылық бар.

«Осы жылы 58 себепсіз өтініш мақұлданбады, қорытынды ретінде бұл сатып алымдардың барлығы шегерілді.  166 тұлға жауапкершілікке тартылды. Осы сынды оқиғаларды жібермеу үшін заң жобасы императивтік норманы қарастыруда. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар өздерінің құжаттарын қарай алады», - деді вице-министр.

Сарапшы атап өткендей, тапсырыс беруші  хаттамада өтініштің мақұлданбауына байланысты себептерді жазуға міндетті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика