Үкімет

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алулардағы келісімдер электронды түрде жасалады – ҚР Қаржы министрлігі

ҚР Үкіметі мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң дайындауда, оның аясында барлық келісімдер электронды түрде жасалады, деп хабарлады Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 15:18

«Аталған жобаны дайндауда ҚР Қаржы министрлігі 2011 жылғы юнстирал типті заңы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттары сияқты еуропалық стандарттарға негізделген басты екі құжатты басшылыққа алды. Бұған қоса заң жобасын дайындау барысында ДСҰ, ЕАЭО сияқты халықаралық келісімдердің талаптары негізге алынды. Айта кететін мәселе, Бүкіләлемдік банк пен ЕҚДБ-нің сарапшылары мемлекеттік сатып алулар саласында орын алған өзгерістерге оң баға берді»,-деді Р.Бекетаев.       

Оның сөзінше, аталған заң жобасын дайындау барысында барлық «әлсіз» жақтар назарға алынды.  

«Енді бізде барлық келісімдер электронды түрде жасалады. Аталған шара бізге баға және сапа өлшемдерін қадағалауға мүмкіндік береді. Аталған база негізінде белгілі бір мәліметтер базасын қалыптастыруға болады. Бұл бізге болашақ реформалау кезеңдерінде біздің бюджетімізді қалыптастыруға мүмкіндік береді»,-деді ол.    

Байқау құжаттары бойынша, вице-министр тапсырыс беруші тарапынан техникалық талаптарды нақты бір адамға ыңғайлау проблемасы бар. Осылайша, 2015 жылдың басынан бері бақылау шараларының нәтижесінде техникалық талаптарды байқауға қатысушылардың мүмкіндіктерінен шектен тыс жоғары етіп көрсетудің 95 жағдайы анықталды. 40 мемлекеттік сатып алу шарасы тоқтатылып, 9 жасалып қойған келісім бұзылды және 84 адам әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылды.   

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 

   




Яндекс.Метрика