Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

ДСҰ: Қазақстан әлемдік экономикалық жүйенің қатысушысы атанды (Видео)

Дүниежүзілік сауда ұйымына енген соң, Қазақстан әрекеттегі экономикалық әлемдік жүйенің толық қатысушысы атанды, деді Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 28 Шілде, 17:24

«Бұл үрдіс 19 жылға созылды, енді Қазақстанда әлемдік экономика жүйесінің толыққанды қатысушысы атанды. Бұл біздің тарих пен мүмкіндігіміз үшін өте маңызды сәт. Әлемдік саудадағы бәсекелестер болып саналатын Грузия, Молдавия, Қырғызстан, Тәжікстан елдері де ДСҰ құрамында. Мәселен, Ресей 18 жыл ДСҰ құрамына енді. Қазақстанның ДСҰ құрамына енуі – ұзақ үрдіс болды, бізге белгілі талаптар қойылып, олар қайта қаралды. Осы уақытта заңнаманың әзірленуі жүргізілді», - деді В.Тельнов.

Оның айтуынша, Қазақстан әлемдік нарыққа өтіп, ДСҰ-ның 162-ші қатысушысы болды.

«Тауарлардың үлкен бәсекелестігі болады, ол бағаға қысым түсіреді, қорытындысында біздің тауарға деген баға түсуі мүмкін», - деді В.Тельнов.

«Әр түрлі салаларға 5 жылға дейін өту мерзімі бекітіледі, осы уақыт ішінде мемлекеттік қолдауды алып, қолдаудың өзге түрлерін енгіземіз», - деді ол.

Жалпы, сарапшының айтуынша, Қазақстан ЕАЭО-да тәжірибе жинады, оған дейін Кедендік одақта алған тәжірибе бар, қазақстандық тауарларға деген талап  халықаралық тауарға сәйкес жүргізілетін болады.

«ҚР Президенті Н.Назарбаев атап өткендей, егер біз дамыған 30 елдің қатарына енгіміз келсе, экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарының дәрежесіне шығуымыз қажет», - деді В.Тельнов.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика