Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да медициналық мекемелердің корпоративті басқаруға көшірудің бірінші кезеңі басталды

Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді корпоративті басқаруға көшірудің бірінші кезеңі басталды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Шілде , 17:08

Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сергей Попов хабарлағандай, көшірудің  бірінші кезеңінде аймақтарда мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруге, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін кеңейтуге қолдау көрсетілуде. 

«Бүгінгі таңда аймақта 184 денсаулық сақтау мекемесі бар, оның 87 жекеменшік, бұл жалпы көлемнің  47% құрап отыр. Оның ішінде 11 жеке аурухана болса, 76 амбулаторлық-емханалық мекеме. 149 мекемеден  52-жеке құрылым мемлекеттік тапсырысты орындайды  35 %»,  делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, медициналық сақтандыру азаматқа нақты көлемді медициналық қызметті көрсетуді кепілдендіреді.




Яндекс.Метрика