EXPO-2017

ОҚО-ның тауар өндірушілері ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырылды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰЛ» АҚ-ның басшылығы оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыға салды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 19:32

«Сембол Иншаат», «СК Базис», «АБК Құрылыс», «Mabco constructions S. A.», «Компания АДС» сияқты ұжымдардың бас мердігерлерінің қатысуымен жұмыс мәжілісі түрінде өткен жиында елімізде ұйымдастырылығалы отырған ең ірі жобалардың бірін жүзеге асыруда Оңтүстік Қазақстан облысының шағын және орта бизнесі өкілдерінің мүмкіндіктері талқыланды. 

«Нысанның құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр. Әрине, цемент, металқұрылғылар мен свай сияқты материалдарды оңтүстік өңірлерден тасымалдау қиындау болады. Алайда, ішкі жұмыстарға қажетті материалдардың барлығы сол оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілуде. Меніңше, оңтүстікқазақстандықтар өте уақытында келді, біз ішкі жөндеу жұмыстарына жылдың соңына дейін кірісеміз деген ойдамын. Қазір бас мердігерлер керамикалық қыш жабынғылар, батарея, электр сымдары сияқты құрылыс материалдарын жеткізу мәселесін қарастыруда»,-деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Жаманбеков.

Мердігерлердің тасымалдаушылармен жедел әрі тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілуде.    

«ОҚО-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді ірі республикалық жобаларға қатысуға барынша көп тартуда. Соның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесіне де. Оңтүстік Қазақстан облысы дәстүрлі құрылыс материалдарымен қатар, композитті арматураларды, керамикалық гранит пен тас, травертин, энергияүнемдеуші әйнектерді басқаша айтқанда, ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың барлығын шығарады. Өңірде сонымен қатар, көптеген инновациялық құрылыс материалдары да шығарылады және олар қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие»,-деді ОҚО-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі Махаббат Қабираева.   

Мәжіліске барлығы Оңтүстік Қазақстан облысынан 20 тасымалдаушы компания өкілдері қатысты. 

 

 

 

 

 

   

 




Яндекс.Метрика