ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-да қазақ терминологиясын жүйелеу бойынша жаңа талаптар жасақталады - сарапшы

«Бірыңғай ұлттың болашағы» реформасы аясында ҚР-да қазақ терминологиясын жүйелеу бойынша жаңа талаптар жасақталады, деп хабарлады ҚР МСК тілдері дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Әбіл Қонысбай ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 12:23

«Терминология саласы ғылымның ең маңызды салаларының бірі, ол материалдарды жетілдіру үшін қызмет етеді. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-дағы тілдерді дамыту және жұмыс істеу мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың тілдік мәдениетін арттыруға бағытталған. Қажетті шаралардың қатарында қазақ терминологиясын жүйелеу бойынша жаңа талаптар жасақтау міндеті тұр. Бұл жұмыс әлемдік тәжірибені есепке ала отырып жүргізілуі керек», - деді Ә.Қонысбай.

Оның айтуынша, терфинологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи құндылықтарды қайта қарауды, сонымен қатар терминтану мен терминография бойынша арнайы жұмыстарды жүргізуді қажет ететін болады.

«Бұл көрсеткіш 2014 жылы 20% құраса, 2017 жылға қарай 60%-ға, 2020 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізіледі», - деп баса айтты сарапшы.

«Сонымен қатар, орталық негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін электронды терминдер базасын жасақтауда  ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде», - деді Ә.Қонысбай.

Ол атап өткендей, орталық қызметкерлері барлық жұмыстарды жоспарға сай жүзеге асыруда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика