ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

А.Қонысбай: Қазақстанда тілдерді меңгеретін бірыңғай әдіс енгізу жоспарлануда

«Бірыңғай ұлттың болашағы» институционалды реформа аясында Қазақстанда тілдерді меңгеретін бірыңғай әдіс енгізу әзірленуде, деді ОКҚ брифингінде Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Әбіл Қонысбай.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 12:06

«Орталық мембағдарлама аясында 100 оқу-әдістемелік кітапша әзірледі, олар республика өңірлеріне таратылды. Орталықта екі мультимедиялық кабинет бар, кітапханасында  3000 эксемплярлық қоры бар. Бүгінгі таңда орталықта оқу-әдістемелік жұмыстан бөлек баспа ісін зерттеу мүмкіндігі де бар. Қазір өз сайты жұмыс істеуде. Тұрақты түрде оқу-әдістемелік терминология, әлеуметтік лингвитика, аударма ісі жүргізіледі», - деді ол.

Сондай-ақ, орталықта тіл курстарын өту бойынша тек қана бір орталықта сертификатқа ие болу жағдайы қарастырылуда.

«Бұл жұмыс өңірлердің орталықтарымен бірығай жұмыс жүргізу үшін қолайлы. Бұл сағаттық қысымның әр түрлігі мен бірыңғай әдістің жоқтығына байланысты», - деді А.Қонысбай.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика