ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері арасында «Тіл шебері» атты республикалық байқау өтеді

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер арасында алғаш рет «Тіл шебері» атты республикалық байқау өтеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Әбіл Қонысбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 11:52

«Үштұғырлы тілді жүзеге асыру – республикада өзге ұлттардың дамуына жағдай жасау бағытындағы саясат, ол қазақ халқын біріктіруші фактор болады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында, орталық өзінің бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындады. Оның қызметінің мақсаты – республикада тіл саясатын тілтанудың теориялық және қолданбалы проблемалары арқылы жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік тіл саясатының қазақ тілін толыққанды қолдаудағы негізі 2011-2020 жылдарды қамтитын даму мемлекеттік бағдарламасының  шешуші  кезең болып табылады. Бұған қоса, бағдарламада осы бағыттағы зертеу, зерделеу мәселелері бар»,-деді Ә.Қонысбай.

Оның сөзінше, орталық оқу-әдістемелік оқулықтарды пайдалануды жоспарлап отыр.

«Орталық үштұғырлы тіл мәселесін жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыстар атқаруда, алдымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тіл шебері» атты республикалық байқау өтеді. Бұған қоса, көптілді меңгерген жастарды қолдау үшін республикалық олимпиада өтеді»,-деп хабарлады Ә.Әбіл.

Сарапшының сөзінше, бүгінгі таңда тіл орталықтарының жалпы саны 91. 

«Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған оқытиу бағдарламаларының үлесі мемлекеттік стандарттарға сәйкестендірулері керек. Осыған байланысты, оқу-әдістеме бөлімі ҚР тіл орталықтарының әдістемелік базалар жүйесін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін жетілдіру, зерттеу, алдыңға қатарлы технологияларды талдау, тіл үйретудің заманға сай технологиялары мен әдістемелерін енгізу шараларымен айналысуда. Оқытуды жүйелендіру мақсатында кешенді оқулықтарды, сөздіктерді, бағдарламаларды дайындап, шығару, онлайн режиміндегі қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін пайдалану отырып, орталықтың ұстаздарының курастарын ұйымдастыру керек»,-деп қосты ол.        

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика