Адами капитал

Жас сарбаздарға алғаш рет жауынгерлік оқ атулар ұйымдастырылды (Фото)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің екінші мотоатқыш батальонына мерзімді қызметке келген жас толықтыруға осы көктемде алғаш рет нағыз жауынгерлік оқ атулар ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 28 Шілде, 14:47

Атыс даярлығы бойынша сабақтар жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда өткізілді. Бірінші оқ атуда жаңадан келген сарбаздар жақсы нәтижелер көрсетті. Батальон командирі капитан Әлібек Байболатов жауынгерлік оқ атуларды үздік орындауды көрсете отырып, жаттығуды бірінші болып орындады.

 Жас сарбаздар арасында батальон командирі АК-74-тен бақылау атыстарының төртінші жаттығуын орындаудан 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Александр Чернавскийді атап өтті. «Калашников автоматынан бірінші рет оқ атқан адамға бұл керемет көрсеткіш. Ол сарбазда жақсы әскери қызметшінің әлеуеті бар» - деп командир атап өтті.

Екінші мотоатқыш батальонының тағы бір сарбазы қатардағы жауынгер Ломали Дюгаев РПГ-7 қоласты танкіге қарсы гранатаатқыштан оқ атуда үздік нәтиже көрсетті.

«Сабақ барысында командирдің айтуынша РПГ-7 – мотоатқыш бөлімшелері қару-жарағының қуатты түрлерінің бірі болып келеді. Ол қарудан бір рет оқ атып танкті жоюға болады. Сондықтан аталған қару түрінен оқ ату жоғары ден қою мен назар салуды, сондай-ақ сенімділікті қажет етеді», - деді қатардағы жауынгер Ломали Дюгаев.

27943 әскери бөлімінің жас сарбаздары үлкен қызығушылықпен әскери істі зерделеуде, олардың командирлері өздерінің қол астындағыларына әскери ғылым туралы көбірек әңгімелеуге, тәжірибелерімен бөлісуге тырысады. Бір жылдық мерзімді қызметті өткеріп, бұл бозбалалар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде Қазақстан Қарулы Күштеріне келуі мүмкін. 

 





Яндекс.Метрика