Инновациялар

Technation акселерациялдық бағдарламасының іріктеу турының екінші кезеңі басталды

Technation акселерациялық бағдарламысының іріктеу турының екінші кезеңіне 80 команда өтті, олардың арасында 56 жоба Қазақстаннан, 11 команда Укаринадан, 5 жоба Ресейден, АҚШ пен Әзірбайжаннан, сондай-ақ Ұлыбритания мен ҚХР командалары бар, деп хабарлайды «ТДҰА» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Казахстан28 Шілде , 14:32

Айта кетейік, Алматыда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» Happy Farm бизнес-акселераторымен бірлесіп ұйымдастырған АҚ-ы Technation акселерациялық бағдарламасының іріктеу турының екінші кезеңі басталды. Басым бағыттар бойынша алатын болсақ, онда жедел технологиялар саласы бойынша, - 36, электронды коммерцияация бойынша – 28 жоба бар, медиа-технологиялар бойынша – 9, есептеу жұмыстары бойынша 7 команда бар.     

«Біз қазақстандық және шетелдік стартап-командалардың Technation бағдарламасына қызығушгылық танытқандарына разымыз. Меніңше, акселерациялық бағдарлама жаңа сапалы командалар жасақтап, Қазақстанда үлкен стартап-қозғалысына ұйытқы болады деген ойдамын»,-деді  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов. 

«Technation жобасының басты мақсаты – әлемдлік деңгейдегі менторлар мен инвесторлардың және бизнесмендердің тәжірибелерін прогрессивті идеялры бар бірақ оларды қалай жүзеге асыру қажеттігі жөніндегі жөнінде тәжірибелері жоқ, соған өарамастан дамығылары келетін жастарға беру болып табылады. Осыған дейін ұйымдастырылған  акселерациялық бағдарламалар арқылы жас кәсіпкерлермен жұмыс істеудің мұндай тәсілі мықты компаниялар мен жас, мықты бизнесмендерді шығарудың тиіді құралы деуге болады»,-деді Happy Farm компаниясының, негізін қалаушы және директоры Анна Дегтерева. 

«Алматыны өте жақсы көреді, бұны атау алма деген сөзден басталатын жобалардың көптігінен байқауға болады. 345 жобаның10-ның атауы осындай. Біз Алматылықтардың өздерінің қалаларын осыншалықты құрметтейтіндігі және оны өздерінің жобалары арқылы дамытқылары келетіндігі қуантады»,-деді Technation  компаниясының сарапшыларының бірі Максим Семенчук.

 

   

 

 

 

 




Яндекс.Метрика