Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Польша Ақтөбемен ұзақмерзімді экономикалық қатынастарға мүдделілік танытып отыр

Ақтөбе облысында құрылыс материалдары, химия өнеркәсібінің өнімдері, жылумен қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастық орнату үшін польшалық делегация болып қайтты, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.
Ақтөбе28 Шілде , 17:58

Айта кетейік, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай еуропалық мемлекеттердің біздің елімізге деген қызығышулығы артып отыр. Шетелдік бизнес өкілдері Қазақстанның әлееуеті үлкен екенін көріп отыр.

Осыған қарай польшалық делегация Ақтөбе облысында болып, осы елдің Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері танысу мақсатын көздеген болатын. Оларды Ақтөбе жерінде облыстың Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қарсы алды және меймандар республикалық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен жүздесті.    

«Біз мұнда құрылыс материалдары, химия өнеркәсібінің өнімдері, жылумен қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастық орнату үшін келіп отырмыз»,-деді Польшаның Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Петр Гузовский.

Сонымен қатар ол Ақтөбе облысының бірлескен өндірістерді жолға қою үшін үлкен қызығушылық тудырып оытрғандығын айтты.

Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы польшалық кәсіпкерлер Ақтөбеге нарықты егжей-тегжейлі зерттеп, жергілікті тауар өндірушілермен кездесіп, олар шығарып жатқан өнімдерді көру үшін Ақтөбеге келу ниеті бар екендігін айтты.

«Мен олардың сапары аясында бірлексен жұмыстар жолға қойылады деген ойдамын. Біз қыркүйекте-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайынбыз»,-деді П.Гузовский.   

Қазақстандықтар Сауда-экономикалық палата өкілдерін жыл сайын өтетін «Еуропа-Азия: шексіз ынтымақтастық» атта шарасына қатысуға шақырып, польшалық делегация өкілдерінің сапары сәтті болуына бар күш-жігерін жұмсайтындығын айтты.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика