Халықаралық интеграция

Ивановада қазақстандық қылқалам шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр

Иванов Ұлттар үйінде шығармашылығы қазақстандық өнер адамдарының ерекше қызығушылығын тудыратын шеберлердің туындыларының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Шілде , 15:34

Нақтырақ айтқанда, экспозицияда қазақстандық қылқалам өнерінің негізін қалаушы Қанафия Телжановтың, пейзаждың қалың көпшілік мойындаған шебері Жанатай Шәрденовтың, белгілі суретші-аномалист Нұрлан Бәжіровтың, далалық бай мәдениеттің иллюстрацияларының авторы Нэлли Бубэнің, Досбол Қасымовтың (тақырыбы философия, адам мен табиғаттың үйлесімдігі) және лирикалық пейзаж көріністерінің авторы Қойшыбек Мамақовтың шығармашылығы ұсынылған.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту шарасының аясында Иванов Ұлттар үйінде Кеңес Одағының екі дүркін батыры, КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқышы, генерал-майор талғат Бигелдинов туралы «Әуеге көтерілу» атты дееркті фильмінің көрсетілімі болды.    

 




Яндекс.Метрика