Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

Алматыда жұмыспен қамту мобилді орталығы ашылады

23 қазанда Алматы жастар саясатының басқармасы жас алматылықтарды жұмыспен қамтуға ат салысуға бағытталған «Жұмыспен қамту мобилді орталығы» әлеуметтік жобасын таныстырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматы қаласы22 Қазан , 18:30

«Жастарды жұмысқа орналастыруды мақсат ететін жаңа жобаның мәні қалада бірінші кезекте жастардың көп шоғырланған қала нысандарына бағытталған жұмыспен қамту мобилді орталығы жұмыс істей бастайды. Ол жұмыс нарығындағы ең соңғы жаңалықтарды жастарға жеткізуге қызмет етеді»,-делінген хабарпламада.

Жас алматылықтарға қаланың рекрутингті компанияларының HR-мамандары білікті көмек көрсетпек.

Сонымен қатар, аталмыш жоба аясында апта сайын жаңартылып отыратын ақпараттар қала автобус маршруттарында көрініс таппақ.

Алматы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, биыл алматылық ЖОО-ның 44 мың түлегінің көпшілігі жұмысқа орналаспаған.

«Ауылдық жерлерден жұмыс істеп келген жастар жағдайды одан сайын шиеленістіре түседі. Ал орнықсыз жас экстремизм мен деструктивті күшке бейім келеді. Осыған орай жылжымалы мобильді жұмыспен қамту орталығының мешіт айналасына жақын орналасуы тегін емес. Біз үшін ең бастысы жастарды жұмыспен қамту, олай болмаған жағдайда жастар теріс ағымдарға икемделіп кету қаупі бар», - дейді ЖСБ жетекшісі Санжар Боқаев.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика