Өңірлер

Таразда 330 орындық жекеменшік балабақша ашылды

Таразда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа 330 орындық «Аю» балабақшасы ашылды. Мерекелік салтанатқа Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл28 Шілде , 11:24

«Жамбыл облысында бүгінгі күнде 410 балабақша бар.Оның 169-ы шағын орталықтар. Онда бүгін 44 мың бала тәрбиеленіп жатыр. 2010 жылы бізде тек 2 жекеменшік балабақша болатын. Бүгін олардың саны 29 құрайды. Олардың көбісі Таразда, сондай-ақ Шу, Мерке, Т.Рысқұлов аудандарында орналасқан», - деп атап өтті облыс әкімі.

Елбасының мектеп жасына дейінгі (3-6 жас) балаларды  мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен  2020 жылдарға қарай 100% қамту тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыста айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні облыста  410(241 балабақша – 34903 бала, 169 шағын орталық – 9149 бала) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 44052 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында -50,8 %-ды, 3-6 жас аралығында - 70,7%-ды құрап отыр.

 «Балапан» бағдарламасы аясында, яғни 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін 240 мектепке дейінгі білім мекемелері (96 балабақша, 144шағын орталық) ашылып, 24953 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Осы 96 балабақшаның 16-ы құрылыс есебінен, 22-і жекеменшік-әріптестік негізінде, 15-і жекешеленген балабақшаларды сатып алу есебінен, 20-ы бұрынғы балабақшаларды қайтару есебінен, 23-і балабақшаға жарамды ғимараттар мен үй жайлар есебінен ашылды.

Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтудің бір жолы мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізде мектепке дейінгі білім мекемелерін ашу болып табылады.

2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде 3113 орындық 28 мектепке дейінгі білім мекемелері  ашылды (23 балабақша 2598 бала, 6 шағын орталық 515 бала).

Оның ішінде 2014 жылы 1298 орындық 11 (8 балабақша 983 орын, 3 шағын орталық 315 орын) мектепке дейінгі білім мекемелері ашылса, ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданында 100 орындық   балабақша ашылды.

 

 




Яндекс.Метрика