Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Мемлекет басшысы ДСҰ-ның бас директоры Роберто Азеведомен кездесті

Нурсултан Назарбаев Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде28 Шілде , 09:02

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар еліміздің осы Ұйымға кіруі жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды.

Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі «Қазақстан – 2050» ұзақмерзімді даму Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен өзара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. 

 




Яндекс.Метрика