Халықаралық интеграция

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесінде болды

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде28 Шілде , 08:47

Елбасы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің жұмысымен танысты. Бұл бөлімше маңызы жағынан БҰҰ жүйесіндегі екінші кеңсе болып саналады және 20 халықаралық ұйымның жұмысын үйлестіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ұлттар Сарайын және ондағы «Қазақстан» залын аралап көрді. Қазақстан Президентінің шешіміне сәйкес 2013 жылы  ашылған бұл көпфункционалды зал бүгінде БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтеріндегі техникалық жағынан барынша жабдықталған орынжай болып саналады. 

 




Яндекс.Метрика