Адами капитал

ШҚО-да «Сені үйде күтіп отыр» атты сауықтыру акциясы өтті (ФОТО)

Өскеменде «Стоп-қылмыс» партиялық жобасының аясында «Сені үйде күтіп отыр» атты қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық сауықтыру акциясы өтті, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан 28 Шілде, 10:07

Айта кетейік, шараның басты мақсаты – жол-көлік жарақаттары бойынша жағдайды сауықтыру мен жолдағы апатты жағдайлардың санын кеміту. Акцияға қатысушылар жүргізушілерге жылдамдықты арттырудың тек олардың өздерінің өмірлері үшін ғана емес, өзгелер үшін де аса қауіпті екендігін  естеріне салу. Бұл сондай-ақ өзге жол жүргіншілері үшін де есте ұстауды қажет ететін талаптардың бірі.  

«Акцияны «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері ұйымдастырды. Акция барысында Алматы-Өскемен трассасының бойындағы жол шолғыншылары бекетінің стационарлық тірегінде, Ұлан ауданынан Қасым Қайсенов ауылына шығарар жол бойында «Жас Отан» ұйымының өкілдері жол-көлік полициясының қызметкерлерімен бірге жылдамдықты сағатына 40, ,70, 90, 100 км-нен азайту туралы белгілерді ұстап қатарынан тізіліп тұрды. Одан әрі жүргізушілерді қара түсті киім киген, түсі суық адам «150. Мен сені күтіп тұрмын» деген белгіні ұстаған адам күтіп тұрды.   

Акция барысында ара-тұра жол полициясының қызметкерлері көліктерді тоқтатып, акцияға қатысушылар жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол көлік ережелерін қатау сақтауға шақырды. Сонымен қатар, аталмыш акцияның қатысушылары жүргізушілерге түсіндіру буклеттерін таратты.

Жүргізушілердің бірі Серік Камиев әрбір жүргізушінің жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін айтып: «Біз үлкен жылдамдықпен кетіп бара жатқанда, өзіміздің және өзгелердің өмірін қауіп-қатерге тігіп отырғанымызды есте ұстауымыз қажет»,-деді.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика