Адами капитал

Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысында төртінші болып өнер көрсетеді (Фото)

«Танк биатлоны-2015» он үш қатысушы мемлекеттің өнер көрсету кезектілігі мәлім болды. Жеребе нәтижесі бойынша танкішілеріміз Қырғызстан және Кувейттің танкті экипаждарымен бірге төртінші додада өнерлерін паш ететін болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 28 Шілде, 09:36

«Дәстүр бойынша экипаждар әртүрлі түстегі танктерде өнер көрсетеді. Командамыз осы жылы жасыл танктерде төртінші болып шығады. Біз өнерімізді паш ететін  техниканы қабылдап алдық, танктерді шолып өттік, бағдарды зерделедік. 

Жарыста әртүрлі кедергілерді еңсере отырып және жауынгерлік оқ атулары бар төрт негізгі қашықтық көзделген» - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Әмір Халиков. Барлық қатысушылар лайықты, қазақстандық құраманың ең мықты қарсыластары Ресей мен Қытайдың танкті экипаждары болып табылады.

Алайда, танкішілеріміз өздерінің дайындықтарына нық сенімді және олармен бірінші орынға күресуге әзір. «Танк биатлоны-2015» тамыздың 1-і мен 15-і аралығында Мәскеу облысының «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өтетінін айта кетейік.  

Оған 13 мемлекеттің Қарулы Күштерінің танкті экипаждары қатысады, оның ішінде Тәжікстан мен Никарагуаның әскери қызметшілері сайысқа алғаш рет қатыспақ.   Біздің танкті экипаждарымыздың биатлонға қатысуда үлкен тәжірибесі бар.  Өткен жылы жалпыкомандалық сынақта олар Қытайдан келген танкішілерді шаң қақтырып екінші орынды иеленген болатын.

 





Яндекс.Метрика