Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль өтуде

Бүгін Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Қазан , 17:30

«Жыл сайынғы дәстүрлі байқауға Қазақстанның әр өңірінен өнерпаздар қатысады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан, Монғол Халық Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасынан да әртістер қатысады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, фестивальдің гала-концерті 25 қазанда «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді. Концертке Қазақстан өнер майталмандары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері мен Республикалық байқау лауреаттары қатыспақ. Сонымен қатар, «Сарын» тобы, «IL KANTO» квартеті мен «Шолпан» би ансамблі өнер көрсетпек.

Шамші Қалдаяқов – атақты қазақ композиторы, «қазақ вальсінің королі». 1965 жылы 2005 жылы Қазақстанның әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазды. Композитор «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым» секілді бірқатар лирикалық әндердің авторы. Оның шығармашылық қорында 300-ден астам ән бар.




Яндекс.Метрика