EXPO-2017

Неміс іскерлік топтары Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мәнмәтінде Қазақстанның туристік әлеуетін қарастыруда

ҚР Берлиндегі Елшілігінде Қазақстанның туризм саласын даму үшін трансұлттық корпорациялар мен ірі инвесторларды тарту бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Еуропадағы TUI Group ірі концерннің Басқарма мүшесі Томас Эллербек бастаған делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде28 Шілде , 09:17

«Қазақстандық тараптан келіссөздерге ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туристік саласы комитетінің төрайымы Роза Асанабаева, Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті директорының орынбасары Қайрат Садуақасов және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Кездесу шеңберінде неміс тарапын «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының және «100 қадам» Ұлт жоспарының негізгі қағидаларымен, ҚР туризм саласы дамуының ахуалы мен келешектерімен, «ЭКСПО-2017» көрмеге дайындығы барысымен таныстырылды. Осыған байланысты, елімізге Германияның мемлекеттік мекемелері, ірі компаниялары, ғылыми-технологиялық орталықтары және туристерінің қатысуы зор қызығушылықты танытқанын атап етілді.

Келіссөздердің нәтижелері бойынша Қазақстан аймақтарының инфракұрылымымен және туристік ұсыныстарымен таныстыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен концерннің бірлескен жұмысының қорытындысы Еуропа мен Германияның туристік нарықтарына Қазақстанның өзекті туристік ұсыныстарының тұрақты қатысуы болуы тиіс. Ынтымақтастықтың маңызды аспектісінің бірі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне туристерді жіберу және орналастыру мәселесі болып табылады.

TUI Group компанияларының тобы әлемдік туристік нарығында озық орынға ие. Концерн 2014 жылғы неміс TUI AG және ағылшын TUI Travel PLC компанияларының қосылуы нәтижесінде құрылды. TUI Group штаб-пәтері Германияда орналасқан. Оның акциялары Лондон қор биржасында сатылып, FTSE 100 индекстің есебіне кіреді.

Концерн жыл сайын 30 млн. астам клиентке қызмет көрсетіп, 180 елде демалыс өткізуді ұсынады. TUI тобына туроператорлар, 300 астам конақ үй, 6 ауе компаниясы, 12 круиздік лайнер және т.б. кіреді. Компанияның жалпы қызметкерлерінің саны 77 мың адамнан асады. TUI Group Еуропадағы ең үлкен чартерлік флотына (136 ұшақ) ие.

 




Яндекс.Метрика