Транскаспий халықаралық бағдарын дамыту Батумиде талқыланды

Батумиде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады ұлттық компания.
Әлемде27 Шілде , 20:23

ТХКБ Үйлестіру комитетінің жұмыс тобының отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түркия  мемлекеттік темір жолы, «Азербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, «Ақтау халықаралық порты» ҰК» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты,  «Азербайжан Каспий теңізі пароходтығы» ЖАҚ, «Батуми теңіз порты» ААҚ, «Minshend Logistics Co» Ltd (ҚХР) компанияларының басшылары қатысты.

Осылайша олардың үйлестірілген қызметінің барысында биылғы жылғы 24-шілдеде тұңғыш Қытай-Қазақстан-Азербайжан контейнерлік пойызы жіберілді. Барлық бағдар бойынша бәсекелестікке дайын бағдарды 6-7 тәулікте басып өтеді.

Биылғы жылғы қыркүйекте Стамбул бағдарына осындай ТХКБ бағдарымен пойыз жіберу жоспарланып отыр.

Отырысты қорытындылай келіп Асқар Мамин ТХКБ алдындағы басты мақсат Транкаспий бағдарында тасымалдауды дамыту екендігін атап өтті.

Осыған байланысты бұл бағдардағы жылжымалы құрамды барынша тиімді пайдалану үшін қосымша жүктер тарту қажеттігін алға тартты. Отырыс барысында Қазақстан тарабы Қытай- Қазақстан- Азербайжан –Грузия – Түркия бағдарындағы контейнерлік пойыздарды өткізу мақсатында көлік компанияларының технологиялық жұмысын үйлестіру керектігін ұсынды.

Ол технология бойынша транзиттік контейнерлік пойыздардың жолда жүру мерзімін барынша азайту,  алдын ала ақпараттық алмасу, кедендік орындардың халықаралық аралас жүктер тәртібін қолдануы, тасымалдау ілеспе құжаттарын ресімдеу, қаржылық міндеттемелер, тұрақты түрде пойыздардың тәулік ішінде 1100 шақырым жүріп өтуін қамтамасыз ету, контейнерлерге жүк тиеу мен түсіру уақытын азайту жайлары бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 100 қадам бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ТХКБ аясында контейнерлік пойыздар бағдарын тұрақты атқару үшін бірлескен компания құруды ұсынды.

Тараптар Үйлестіру комитетінің аймақтағы көліктік серіктестікті дамытудағы рөлін жоғары бағалады.

 

 




Яндекс.Метрика