Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында ерлер құрама командалары арасында баскетболдан турнир өтті

Сандықтау ауданында ерлер командалары арасында баскетболдан дәстүрлі 2-ші турнир өтті, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола 27 Шілде, 20:07

Турнирдің ұйымдастырушылары – «Спорт түрлері бойынша спорттық клубы» және Сандықтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Турнирге Ақмола облысы, Көкшетау, Степногорск, Атбасар және Сандықтау ауданының үздік  құрама командалары қатысты. Екі ойын күнінің аяқталуымен жүлделі ойындар төмендегідей бекітілді: 1 орын Сандықтау ауданы, 2 – ші орын Көкшетау, 3-ші орын Степногорск.

Аталмыш турнирде бас менеджер Пернебай Ысқақов «Оқжетпес» командасына Роман Бежко мен Әсет Болатов шақырылды. 





Яндекс.Метрика