Басқару

А.Қасымов: ҚР мемлекеттік биліктің іс-әрекеттері заңның бақылауында болады (ВИДЕО)

ҚР Жоғарғы соты әкімшілік-процессуалдық әділетті енгізу туралы Әкімшілік-процессуалдық кодексінің жобасын дайындады, оған сәйкес мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері заңның бақылауында болады, деді Жоғарғы соттың судьясы, Сот жүйесін жаңғырту жөніндегі ұлттық коммиссияның мүшесі Ақылтай Қасымов Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Казахстан 27 Шілде, 18:13

«Бүгінгі таңда біздің елімізде әкімшілік әділет жүйесін енгізу мәселесі белсенді талқылануда. Бұл мәселе кезінде кең ауқымда талқыланды, одан соң біршама үзіліс болып қалды, мұны біздің осы жүйені зерттеп-зерделеу ісімен айналысып жатқан кезімізбен байланыстыруға болады. Біз өзіміздің тәжірибемізді, еуропалық және халықаралық тәжірибені зерттедік. Осылайша, бүгінгі таңда Жоғары сот Әкімшілік-процессуалдық кодекстің жобасын дайындап шықты»,-деді А.Қасымов.      

Оның сөзінше, әкімшілік-процессуалдық әділет дегеніңіз әкімшілік органдар, соның ішінде мамандандырылған сот, азаматтар арасындағы дауларды мемлекеттік билік өкілдерімен бірге қарайды.

«Аталған заң талаптарына сәйкес, биліктің барлық іс-әрекеттері сот тарапынан әкімшілендірілуі керек. Еуропалық құқықты зерттеу тәжірибесі жекелеген елдердегі азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау немесе істердің қанағаттандыру деңгейі 78 пайызға дейін жетеді. Меніңше, бұл алғашқы кезең, кейінірек ол төселеді, нақты бір тәжірибе қалыптасады. Яғни мемлекеттік билік органдары сот істерінен ұтылмайды, өйткені олар заң аясында әрекет етеді»,-деді судья.  

Анар Тәңірқұлова

 

 





Яндекс.Метрика