Білім беру

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен Қытай мұнай университеті бірлескен оқу орталығын ашты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қытай Халық Республикасының Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінің президенті, профессор Чжан Лайбин және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, профессор Сунь Суйдун мырзалар ресми сапармен болып, университеттің оқытушы-профессорларымен, студенттермен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда27 Шілде , 19:53

Жиынға «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Цинь Хунвей, әкімшілік-шаруашалық бөлімінің менеджері Чжан Юнли, еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Суфия Даминова, оқу бөлімі және персоналды дамыту бөлімінің бастығы Айкүміс Қосанова және «СНПС-Айдан Мұнай» компаниясы Акционерлік қоғамының президенті Лю Шаою қатысты. 

Кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінің басшылары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің делегациясы осы жылдың маусым айында Қытай мұнай университетінде іссапарда болып, аталған оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізген болатын. 

Әріпстестік кездесу аясында университеттің №1 оқу ғимаратынан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Қытай мұнай университетінің бірлескен білім беру орталығының арнайы ашылу рәсімі өтті. 

Қытай мұнай университетінің президенті, профессор Чжан Лайбин мырза өз сөзінде екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық барысында мұнай саласына білікті мамандар даярлаумен қатар бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізілетіндігіне тоқталды. 

Айта кету керек, Қытай мұнай университетімен әріптестік байланыс 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті.

 




Яндекс.Метрика