Білім беру

ШҚО-да мектептерге оқулықтардың жеткізілу жағдайды талқыланды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә. Ахметов 2015-2016 оқу жылына оқулықтарды сатып алу жөніндегі жағдайды талдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барады, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Шығыс Қазақстан27 Шілде , 19:02

«Өскеменде Әлтаир Ахметов ШҚО әкімдерімен және экономика, қаржы және білім басқармаларының басшыларымен; оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің басшыларымен; шарт жасалған көлік қызметінің жабдықтаушыларымен; ата-аналар жұртшылығымен кеңейтілген жиын өткізеді. Жиын барысында қатысушылар өңірде оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойнша ағымдағы жағдайды талқылайды», - делінген хабарламада.

2015 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында барлық білім бөлімдері, сонымен бірге ШҚО Білім басқармасы оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға оқу әдебиеттерін жеткізетін жабдықтаушылармен және баспалармен шарт жасады.

Қазіргі уақытта Абай ауданында 78,2%, Зайсан ауданында 80%  жеткізілген. Қалған аудандарда жеткізу мерзімдері шарт бойынша ағымдағы жылғы 20.07. мен 25.08 аралығында белгіленді.

Бородулиха, Глубоков, Жарма, Тарбағатай аудандарында оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойынша жабдықтаушы ШҚО «Востокснабобразования» КММ болып табылады.

Бүгінде осы жабдықтаушы тауарды баспалардан алуды жоспарлайды. Оқулықтарды тасымалдаушы Риддер қаласы, Үржар ауданында оқу әдебиеттерін баспадан алуды күтеді.

Оқулықтарды сатып алу мен жеткізуді қаржыландыру мәселесі Шығыс Қазақстан облысында толық көлемде шешіледі.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика