Үкімет

К.Мәсімов экономика және банк секторының ағымдағы жағдайы мәселелері бойынша кеңес өткізді

Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов екінші деңгейлі банк басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы27 Шілде , 17:09

Кеңес жұмысына сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚҚҚ Кеңесіңнің төрағасы Асқар Елемесов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар өкілдері қатысты. 

Кездесу қатысушылары экономика және банк секторының ағымдағы жағдайын талқылады. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторын және ШОБ-ті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қаралды. 

К.Мәсімов баса айтып өткендей, ү.ж. 1 тамызынан бастап республикалық бюджет комиссиясы өз жұмысын бастайды. Өткізілген кеңестердің және РБК жұмысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына ағымдағы жылға және орташа мерзімді перспективаға экономикалық саясаттың нақты шараларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізіледі. 

Экономиканың нақты секторы өкілдерінің қатысуымен келесі кеңес тамыздың бірінші он күндігінде өткізіледі.

 

 

 




Яндекс.Метрика