Халықаралық интеграция

Сенатор Лаззат Тұрлашов экономика жөніндегі өңірлік семинардың жұмысына қатысуда

Вена қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Лаззат Тұрлашов Орталық Азия мен Кавказ елдерінің парламентшілеріне арналған экономика жөніндегі өңірлік семинардың жұмысына қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде27 Шілде , 18:29

Оның ұйымдастырушылары Вена Біріккен институты мен Халықаралық  Валюта Қоры болып табылады.

Семинардың мақсаты – Орталық Азия мен Кавказ елдерінің алдында тұрған экономикалық проблемаларды тереңнен зерттеу, жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен даму мәселелері бойынша талқылау және пікір алмасу.

Семинарға қатысушылар өңірдегі экономикалық басқарудың әртүрлі қырларын қарастырады, оған өңірдегі ХВҚ мен ДСҰ-ның рөлін бағалау, анағұрлым өзекті экономикалық мәселелерді талқылау және бірінші кезектегі реформалар саясатын әзірлеп, іске асыру кіреді.  




Яндекс.Метрика