Өңірлер

Биылғы жылы 34 әскери қалашық абаттандырылады

Қазақстанның қарулы Күштерінің әлеуметтік, тыныс-тіршілігін оңалту мақсатында әскери қалашықтарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылдың жоспары бойынша, еліміздің түрлі өңірлеріндегі 34 нысанда орта және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 27 Шілде, 17:26

Айта  кетейік, қазіргі таңда 8 әскери қалашықта, соның ішінде 44803, 30217, 32363 әскери бөлімдерде асфальтбетонды жабынғының күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 26 әскери қалашықта жолдарды жөндеу мен 10 нысанда қоршау құрылғыларын салу жұмыстары жалғасуда. 

Бұған қоса, әскери қалашықтарда тұрып жатқан әскери қызметкерлердің тұрғын үйлері жөнделуде. Бүгінгі таңда Ақмол қаласындағы көлемі 3 мың 390 шаршы метр болатын 42 пәтер пайдалануға беруге дайын. Ал, Аягөз қаласында 5 мың 750 шарша метр болатын 90 пәтердің жөндеу жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мұнда терезелер мен есіктерді, шатырды, инженерлік желілерді алмастыру және алаңқайды жөндеу қарастарылған.       

Күрделі жөндеу қазақстандық әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларының бөлігі бболып табылады. Әлеуметтік жағдайларын жетілдіру мақсатында құрылыс пен дайын үйді сатып алумен қатар әскерилер тұрып жатқан пәтерлерді жөндеу шаралары да қарастырылған.     

 

   

 





Яндекс.Метрика