Өңірлер

2015 жылдың 1 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 61 997 теңгені құрады – ҚР ҰЭМ

2015 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 61 997 теңгені құрады және осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 6,2%-ға өсуіне байланысты 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Шілде , 18:46

Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті.

2015 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысы және Алматы мен Астана қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 28-40% төмен.

«2015 жылдың  1 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2014 жылғы 1 тоқсанда – 3,8 есе)», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика