Халықаралық интеграция

Индонезия Жамбыл облысымен бизнес-ынтымақтастық орнатуға дайын

Жамбыл облысының бизнес-мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Индонезияның Төтенше және Өкілетті елшісі Фостер Гулт Тараз қаласында болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл27 Шілде , 16:54

«Қазақстан мен Индонезия арасындағы тығыз қарым-қатынас 2012 жылы екі мемлекеттің басшыларының кездесуінен соң басталды. Бұл ынтымақтастық «Экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы»,  Қазақстан-Индонезия бизнес-форумы сияқты шаралар мен мұнайгаз, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өзге де көптеген салалар бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қою ісіне ұласты. Біздің бүгінгі кездесуіміздің мақсаты  - Жамбыл облысының перспективалы бизнес-жобаларымен таныстыру»,-деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. 

Жамбыл облысының инвестициялық жобалары жөнінде өңірлік Кәсіпкерлер палатасының АӨК-нін дамыту бөлімінің жетекшісі Аспандияр Сейсебаев, кәсіпкерлер айтып берді. Өздерінің жұмыстарының мән-мағынасы туралы «Комбинирленген вакуум-сулы жылу жүйесі» мен «Қалдықтардан - кіріске» атты жобалардың авторлары Виектор Хан, Игорь Горборуков пен Халипа Сапиева айтып берді.

Фостер Гул Азия-Тынық мұхиты аймағында жетекші мемлекеттердің бірі саналатын Индонезияның экономикалық әлеуеті жөнінде айтып берді. Мыңдаған аралдар елінің Қазақстанға, Жымбыл облысында сауда мен туризм салаларына қызығушылығы ерекше. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арнайы хаттамаға қол қойды, Онда Индонезия Республикасының елшілігі мен Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының арасында тиісті тараптардың экономикалық әлеуетіне қатысты тәжірибе алмасу, екі елдің сауда миссияларына қолдау көрсету арқылы екіжақты сауда алмасу мен экономикалық ынтымақтастық мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ құжатта бизнес-кездесулер мен семинарлар кәсіпкерлерік тренингтер ұйымдастыру мәселесі қарастырылған. 

Кездесудің соңында, Фостер Гулт Индонезияның көлемі мен даму жағынан сәйкес келетін қандай да бір қаласын Тараз қаласымен бауырлас етуді ұсынды.      

 

 

 

   




Яндекс.Метрика