Білім беру

«Мектепке жол» акциясы аясында 7 жыл ішінде 2 млн-нан астам бала материалдық көмекке ие болды

Жеті жыл ішінде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында 2 млн-нан астам бала жалпы сомасы 10 млрд теңгеге материалдық көмекке ие болды, деп хабарлады ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан27 Шілде , 15:17

«Жыл сайын 7 жыл бойы ҚР БҒМ «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында 2 млн-нан астам балаға 10 млрд теңгеден астам қаржыға материалдық көмек көрсетілді», – деді М. Әбдікәрім.

Оның айтуынша, акцияның басты мақсаты жергілікті атқаршы органдарды, білім басқармасы мен демеушілерді және меценаттарды көптеп тарту.

«Акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, тек өткне жылдың өзінде 300 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 2 млрд-тан астам тенгеге көмек көрсетілді, оның ішінде 190 мың балаға 1 млрд.159 млн. Тенгеге демеушілермен көмек көрсетілді», – деп толықтырды М. Әбдікәрім.

Сонымен акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа  оқу жылының басталуына бір ай қалғанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптасқан дәстүр бойынша «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялайды. БҒМ әлеуметтік бағыттағы бастамасы 2015 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Балаларға бірге көмек  берейік!» ұранымен өткізіледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика