Өңірлер

Көкшетауда неке сарайының құрылысы басталды

Көкшетауда неке сарайының құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола27 Шілде , 16:23

Неке сарайы құрылысының барысымен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Мыржықбаев танысты.

Айта кетейік, сарайды салу ісіне «Ақсәуле» ЖШС-нің өкілдері кірісті. Келісімге сәйкес, құрылыстың сомасы 284 млн теңге болады.  

Қазіргі таңда аталған нысанда жерді дайындау жұмыстары жүріп жатыр. 2016 жылдың екінші жартысында Неке сарайы толыққанды жұмысына кірісіп, неке қия алатын болады.  

Қала әкімінің айтуынша, қосымша техника тарту арқылы жұмысты белсендендіру керек және жұмыс уақытында аяқталуы тиіс.

 

 




Яндекс.Метрика