Президент тапсырмаларының орындалуы

2013 жылы «Даму» қорынан кәсіпкерлікті субсидиялау көлемі 47 млрд теңгеге жетті

Ағымдағы жылы «Даму» қорынан кәсіпкерлікті субсидиялау көлемі 47 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының басқарушы директоры Мирас Бейсембаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингісінде.
Казахстан22 Қазан , 17:20

«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржылық агенті болып табылады. Оның қызметіне кәсіпкерлерге тікелей субсидия беру, жобаның іске асырылуында мониторинг жүргізу жатады. Бағдарламаның іске асқан үш жылының ішінде субсидиялау құралы өзінің теңдессіз пайдасын көрсетті», - деді М.Бейсембаев.

Бүгінге дейін аталмыш құрал бойынша мемлекеттік қолдауға, Мирас Бейсембаевтың айтуынша, 3 мыңнан астам кәсіпкер ие болған.

«Субсидиялау көлемі бүгінде 47 млрд теңгені құрайды. 2010 жыл кіріспе жылы болып, субсидиялау көлемі 414 млн теңгені құраған. Одан кейінгі жылдары 9,5 млрд теңге, кейін 18 млрд теңге болды. Ал бүгінде бұл көрсеткіш атап өткенімдей, 47 млрд теңгеге жетті. Демек бағдарлама мен субсидиялау құралы даму үстінде. Бұл өз кезегінде бизнесті игерумен, банктердің несие беруге дайын екендігімен байланысты», - деді Мирас Бейсембаев.




Яндекс.Метрика