Ұлттың денсаулығы

Пауэрлифтингтен өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күнінде 4 медаль жиынтығы сарапқа түсті (ФОТО)

Пауэрлифтингтен өтіп жатқан жарыстың бірінші күнінде ерлер мен әйелдер арасында 4 медаль жиынтығы сарапқа түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 27 Шілде, 17:41

Естеріңізге сала кетейік, пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараттары зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионаты шілденің 26 мен 30-ы аралығында Алматыда өтеді. Алматы континенталды біріншілігінің бірініш медальдар жиынтығын 41 келіде әйелдер сарапқа салды. Алтынды қытайлықтар, күмісті нигериялықтар, үштік үздікті Индонезия қорытындылады. Қазақстандық пауэрлифистер арасында Юлия Петрусева үздік шықты. Ол өзінің салмағынан 11 келіге көп салмақты көтерді.

Ерлер арасындағы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 10 спортшы өнер көрсетті. Қазақстанның атынан Ернат Қасмұханов пен Азамат Отабай өнер көрсетті. Негізгі сайыс Вьетнам мен Нигерия өкілдері арасында өтті. Сайыс нәтижесінде «алтын» медальды Вьетнам өкілі иеленді. Вьетнамдық спортшының көрсеткіші 177 келі. Екініш орынға – Нигерия тұрақтады, үшінші орын Иорданияның еншісінде.

Ерлер арасында өткен 54-келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі сайысқа  15 адам қатысты. Бірінші орынды 184 келіні жатып көтерген польшалық спортшы олжалады. Күміс жүлде вьетнамдықтардың қанжығасында кетті, үшінші орынға Ирак өкілі табан тіреді. Ол 182 келіні көтерді.       

Әйелдер арасындағы 45 келі салмақ дәрежесінде өткен бәсекеге 4 спортшы қатысты. Аспан асты елінің өкілі 17 келі салмақ дәрежесінде ерекшеленіп, «алтынды», 78 келі көтерген Үндістан өкілі күмісті жеңіп алды. Үшінші орынға Өзбекстандық спортшы лайықты деп танылды. Қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық осы бәсекенің жасөспірімдер арасындағы сайысында қола жүлдені Ақжол Мейірбеков жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз ең жас спортшылардың бірі болып табылады. 18 жасар пауэрлифтер 101 келіні бағындырды. Айта кететін мәселе, Ақжолдың ауыр спортпен айналысқанына бір жылдан аса қойған жоқ. Сондықтан бапкерлер оның болашағына үлкен үміт артады.    

Естеріңізге сала кетейік, төрешелір құрамына 21 елден 30 адам кіреді. Қазақстан құрамасы 25 адамнан тұрады, бас бапкер – Артур Томский. Чемпионатта барлығы 203 спортшы өнер көрсетеді, олардың 134-і ерлер де, 69-ы әйелдер.   

   





Яндекс.Метрика